kk

Диагностикалық шешімдер

Рош Диагностика бөлімшесі портативті аспаптар мен өзін-өзі бақылау құралдарынан бастап, зертханалардың барлық түрлеріне арналған жабдыққа дейін зертханалық және диагностикалық жабдықтардың кең желісін ұсынады: өте үлкен және орталықтандырылған зертханалардан бастап, өте шағын зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарына дейін, соның ішінде ғылыми шешімдер.

Рош Диагностика ауруларды ерте диагностикалауға, скрининг жасауға және ауруларды бақылауға мүмкіндік беретін инновациялық диагностикалық жабдықтар мен жүйелерді ұсынады.

Госпиталь секторында Рош аспаптары көбінесе ауыр пациенттер үшін шешуші рөл атқара отырып, зертханалық зерттеулердің жылдамдығы мен дәлдігін қамтамасыз ету арқылы зертханалардың жұмысын қолдайды.

Рош компаниясы Полимеразалық Тізбек Реакциясын (ПТР) қолданудың негізін қалаушы болып табылады және осы саладағы Рош өнімдері клиницист-дәрігерлерге аурудың барысын бақылауға және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Рош компаниясы аурулардың себептерін және оларға бейімділікті анықтау мақсатында реагенттер мен ғылыми зерттеулер жүйелерін өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Орталықтандырылмаған зертханаларға арналған шешімдер

Орталықтандырылған зертханаларға арналған шешімдер

Зертханаларға арналған шешімдер

Ғылыми зерттеулерге арналған шешімдер

Диабетті өздігінен бақылау

Молекулалық диагностикаға арналған шешімдер

Инфекциялардың генетикалық материалын (ДНҚ/РНҚ) автоматтандырылған анықтау технологиялары және «нақты уақыт» режиміндегі ПТР диагностика қолданылатын молекулалық диагностика үшін Рош Диагностика компаниясы келесі бағыттарға арналған жабдықтар мен сынақтарды ұсынады:

ЖИТС және вирустық гепатит сияқты аурулардағы вирустық жүктемені ерте анықтау және бақылау ауруларды емдеу үшін өте маңызды. Молекулалық диагностика бөлімі В және С гепатиті, АИТВ және цитомегаловирустың (ЦМВ) вирустық бірліктерін сапалы және сандық анықтау үшін автоматтандырылған жүйелер мен сынақтарды ұсынады.  

Молекулалық диагностика бөлімшесі қан құю орталықтарына АИТВ, ВГВ, СГВ, Батыс Ніл вирусы (WNV), АГВ және В19 парвовирусын анықтау үшін «нақты уақыт» режимінде донор қанының скринингі үшін автоматтандырылған жүйелер мен сынақтарды ұсынады.

Молекулалық диагностика бөлімінің онкологиялық зерттеулері өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік және метастатикалық меланома сияқты онкологиялық аурулардағы мутацияларды анықтауға арналған.

Молекулалық диагностика бөлімшесінің сынақтары M.tuberculosis сияқты патогенді микроағзаларды, сондай-ақ сепсиске әкелуі мүмкін MRSAсияқты саңырауқұлақтар мен бактерияларды анықтайды.

Молекулалық диагностика бөлімшесі адам папилломавирусының (HPV) жоғары онкогенді генотиптерін анықтауға арналған автоматтандырылған жүйелер мен сынақтарды және хламидиоз бен гонореяны (CT/NG) анықтауға арналған сынақтарды ұсынады.

ДНҚ/РНҚ оқшаулауға арналған автоматты станция

Нақты уақыт ПТР әдісімен ВГВ, СГВ, АИТВ-1 және АИТВ-2 вирустарының бар-жоғын анықтау үшін донор қанының скринингін жасауға арналған автоматтандырылған станция

96 үлгіге арналған нақты уақыттағы ПТР анализаторы

48 үлгіге арналған нақты уақыттағы ПТР анализаторы

Жұқпалы және онкологиялық аурулардың ПТР диагностикасы

Орталықтандырылмаған зертханаларға арналған шешімдер

Рош компаниясы орталықтандырылмаған зертханаларға арналған жабдықты, соның ішінде көмек көрсету орнында диагностика жүргізуге арналған өнімдерді («төсек жанындағы» диагностика), сондай-ақ пациенттің жанынан кетпей-ақ қорытынды алуға мүмкіндік беретін экспресс-зертханалардағы шектімежедегі ахуалдарды мониторингтеуге арналған өнімдерді ұсынады.

Кәсіби диагностика бөлімшесінің өнімдері (Roche Professional Diagnostics, RPD) зертханаларға соңғы автоматты зертханалық жабдықты пайдалана отырып, күнделікті биохимиялық параметрлерді, арнайы ақуыздарды, гормондарды, ісік және кардиомаркерлерді, остеопороз және жұқпалы аурулар маркерлерін, дәрі-дәрмектерді, есірткілерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Диагностикалық шешімдерді шығарудағы жетекші компаниялардың бірі ретінде біз пациенттерге, дәрігерлерге, зерттеушілерге, ауруханалар мен зертханаларға арналған инновациялық өнімдердің кең таңдауын ұсынамыз.

Біздің диагностикалық өнімдер пациенттерге олардың ауруларының барысын өз бетінше бақылауды жеңілдетеді, ал клиницист-дәрігерлерге жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін дәл және жылдам бағалай отырып, аурудың барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Ғылыми зертханалар үшін Рош Диагностика компаниясы нақты уақыттағы ПТР анализаторларының, үлгілерді ПТР зерттеулеріне дайындауға арналған аспаптардың және жоғары сапалы реагенттердің кең таңдауын ұсына алады.

Планшет түріндегі нақты уақыттағы ПТР анализаторы.

ПТР анализаторы LightCycler 96

Жылдам протоколдарға арналған нақты уақыттағы ПТР анализаторы.

LightCycler Nano – жылдам ПТР хаттамалары үшін кемшіліксіз жасалған өті ықшам нақты уақыттағы ПТР анализаторы. Шу, өлшем және салмақ деңгейі төмен, бір қойылымда 32 түтікке дейін (8 түтіктен тұратын 4 жолақ) қолданылатын нақты уақыт режимінде амплификация және анықтауға арналған ПТР анализаторы.

Бұл аспап моно және дуплексті режимдердегі гендердің экспрессиясын және генетикалық өзгерістерді зерттеуге арналған (бір пробиркадағы бір немесе екі ДНҚ немесе РНҚ нысаналарын талдау).

Кішкентай өлшемдерімен, жеңіл салмағымен және пайдалану ыңғайлылығымен LightCycler Nano ПТР анализаторы ғылыми қызметкерлердің күнделікті жұмысы үшін тамаша құрал бола алады. LightCycler Nano ПТР анализаторы тек ғылыми зерттеулерге арналған.

Биологиялық үлгілердің (организмдердің жасушалары мен тіндерінің) гомогенизаторы.

Рош зерттеулердің үлкен ағыны бар зертханалар үшін ПТР талдауы үшін реакциялық қоспаларды дайындау функциясы бар MagNA Pure LC 2.0 өнімділік жүйесін ұсынумен қатар, шағын зертханалар үшін шешім болып табылатын MagNA Pure Compact жүйесін де ұсынады.

ПТР зерттеулері үшін ДНҚ/РНҚ автоматты оқшаулау аспабы.

ПТР зерттеулері үшін ДНҚ/РНҚ автоматты оқшаулау аспабы.

Нақты уақыт режимінде ПТР зерттеулеріне арналған гидролиздік зондтар жиынтығы.

Қандағы қант деңгейін үнемі бақылау диабетті басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қандағы глюкоза деңгейін үнемі өлшеу сіздің тамақтану режиміңіздің, жаттығуларыңыздың тиімділігін және дәрі-дәрмекпен емдеудің барабарлығын анықтауға көмектеседі.

Толығырақ білу

Қант диабетін басқару бойынша шешімдер

Бұл интернет-сайт Қазақстан Республикасының кең ауқымды пайдаланушыларына арналған ақпаратты қамтиды және қол жетімді емес немесе ресми түрде мақұлданбаған немесе сіздің еліңізде Roche дәрілік заттары мен медициналық құрылғыларын тіркеу немесе пайдалану тұрғысынан ерекшеленетін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл веб-сайттағы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын қамтымайды. Бұл веб-сайттағы ақпаратты өзін-өзі диагностикалау немесе Roche препараттарын қолдану туралы тәуелсіз шешім қабылдау үшін пайдалануға болмайды және дәрігермен кеңесуді алмастыра алмайды.

Байланыс деректеріӘлемдеlinkedinfacebooktwitterinstagramyoutubeРош туралыФармацевтикалық шешімдерДиагностикалық шешімдерМансапЖағымсыз құбылыс немесе өнім сапасына қатысты шағымдар туралы хабарлауЖеке мәліметтерЗаңды келісім