Осы Интернет-сайтты Қазақстан Республикасының заңнамасына және Рош Қазақстан компаниясының ішкі ережелеріне сәйкес «Рош Қазақстан» ЖШС («Рош Қазақстан») құрды.
Осы Интернет-сайтта орналастырылған барлық ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және Рош дәрілік препараттарын таңдауға, анықтауға және тағайындауға әсер ету әрекеті болып табылмайды және мұндай әрекет ретінде қарастырылмайды немесе Рош дәрілік препараттарын сатуды және/немесе сатып алуды ынталандыру мақсатында пайдаланыла алмайды. Сонымен қоса бұл ақпарат қандай да бір коммерциялық немесе өзге де материалдық пайда алуға бағытталмаған, Рош дәрілік препараттарының жарнамасы болып табылмайды, сондай-ақ медициналық немесе қандай да бір өзге қызметтердің жарнамасы болып табылмайды.
Осы Интернет-сайтта қамтылған ақпаратты диагноз қою үшін немесе Рош препараттарын қолдану үшін ұсыныс ретінде пайдалануға болмайды. Дәрілік затты таңдауды, тағайындауды және қолдану тәсілін сіздің ағзаңыздың жеке ерекшеліктерін ескеретін және препараттың қолданылуын бақылауды жүзеге асыратын емдеуші дәрігеріңіз ғана анықтай алатынын есте ұстаған жөн.
Рош Қазақстан компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір қолдану, доза немесе пайдалану тәсілі бойынша Рош дәрілік препараттарын пайдалануды ұсынбайды.
Рош Қазақстан осы Интернет-сайтта тек нақты және жаңартылған ақпаратты орналастыруға бар күшін салады. Бұл ретте, Рош Қазақстан осы Интернет-сайтта ұсынылған кез келген ақпараттың дәлдігіне, толықтығына және өзектілігіне қатысты қандай да бір кепілдіктер бермейді және қандай да бір бекітулер (айтылған немесе болжанған) жасамайды, сондай-ақ осы Интернет-сайтты немесе осы Интернет-сайтта сілтеме жасалған өзге сайтты пайдаланғаны үшін қандай да бір жауапкершілік көтермейді.
Рош Қазақстан осы Интернет-сайттың мазмұны мен рәсімделуіне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ оның жұмыс істеуін кез келген уақытта алдын ала ескертусіз тоқтата тұруға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. Рош Қазақстан осы Интернет-сайтты мерзімдік жаңарту бойынша қандай да бір міндеттеме алмайды, сондай-ақ ол үшін жауапкершілік көтермейді.
Пайдаланушы осы Интернет-сайтта немесе осы Интернет-сайтта сілтеме жасалған өзге сайтта орналастырылған ақпаратқа нар тәуекел деп қол жеткізетініне және пайдаланатынына келіседі.
Рош Қазақстан да, осы Интернет-сайтты немесе осы Интернет-сайтта сілтеме жасалған сайтты құруға тартылған кез келген басқа компания да осы Интернет-сайтқа немесе осы Интернет-сайтта сілтеме жасалған өзге сайтқа қол жеткізу нәтижесінде немесе онымен байланысты туындаған қандай да бір тікелей, жанама, кездейсоқ немесе өзге де материалдық және/немесе материалдық емес залал: берілген ақпараттың қателіктері немесе дәлсіздіктері салдарынан келтірілген залал, компьютерлік жабдыққа немесе кез келген өзге меншікке келтірілген залал, үшінші тұлғаға келтірілген залал, сондай-ақ осы Интернет-сайтты немесе осы Интернет-сайтта сілтеме жасалған сайтты пайдалану мүмкін болмау салдарынан келтірілген залал үшін жауапты болмайды.
Осы Интернет-сайтта берілген барлық ақпарат тек қана ақпараттық сипатта болады және Рош компаниялар тобының бағалы қағаздарын сатып алу-сатуды ұсыну, оған ықпал ету немесе таңу ретінде қарастырыла алмайды, сондай-ақ Рош Қазақстан серіктестері мен клиенттерінің қандай да бір шешімдер (соның ішінде инвестициялық) қабылдауы үшін негіз бола алмайды.
Осы Интернет-сайтта перспективалық ақпарат болуы мүмкін. Мұндай ақпаратқа ғылыми, іскерлік, экономикалық және қаржылық факторларды қоса алғанда, әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін, нәтижесінде нақты нәтижелер осы Интернет-сайтта көрсетілгендерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Осы Интернет-сайтта бар үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарына кез келген сілтемелер сайтқа кірушілердің ыңғайлылығы үшін ғана ұсынылады. Рош Қазақстан үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарының мазмұнына қатысты қандай да бір түрде өз пікірін білдіруге ниеті жоқ, сондай-ақ оларға ұсынылған ақпарат және оны ықтимал пайдалану салдары үшін жауапты болмайды.
Жеке деректерді жинауға және өңдеуге ақпараттандырылған келісім
Рош Қазақстан компаниясымен кері байланыс опциясын пайдалану кезінде өз жеке деректеріңізді ұсына отырып, сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жол берілетін барлық іс-әрекеттер нысанында және тәсілдермен өңдеуге келісетініңізді растайсыз. Рош Қазақстан сіздің жеке деректеріңізді Рош компаниялары тобы ішінде, сондай-ақ сіздің жеке деректеріңізді өңдеу мақсатында үшінші тұлғаларға беруге (оның ішінде трансшекаралық) құқылы және мұндай үшінші тұлғалар сіз Рош Қазақстан мекенжайына жазбаша нысанда немесе кері байланыс опциясын пайдалану арқылы жіберген өз келісіміңізді қайтарып алған сәтке дейін осы келісім негізінде жеке деректеріңізді өңдеуге құқылы. Рош Қазақстан құпиялылықтың сақталуына және сіздің жеке деректеріңіздің тиісті қорғалуына кепілдік береді.
Осы Интернет-сайтта көрсетілген барлық сауда белгілері Рош компаниялар тобына кіретін компанияларға тиесілі немесе лицензияланған.
Осы Интернет-сайт, сондай-ақ онда қамтылған немесе аталған ақпарат тек ақпараттық мақсаттар үшін берілген. Осы Интернет-сайтта ұсынылған ақпаратты, суреттерді, дыбыстық ақпаратты кез келген жаңғыртуға, беруге, көшіруге, көбейтуге және пайдалануға, сондай-ақ оларға сілтемелер жасауға Рош Қазақстан компаниясының жазбаша келісімінсіз тыйым салынады. Осы Интернет-сайтта қамтылған ақпаратты пайдалануға сауал
Бұл интернет-сайт Қазақстан Республикасының кең ауқымды пайдаланушыларына арналған ақпаратты қамтиды және қол жетімді емес немесе ресми түрде мақұлданбаған немесе сіздің еліңізде Roche дәрілік заттары мен медициналық құрылғыларын тіркеу немесе пайдалану тұрғысынан ерекшеленетін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл веб-сайттағы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын қамтымайды. Бұл веб-сайттағы ақпаратты өзін-өзі диагностикалау немесе Roche препараттарын қолдану туралы тәуелсіз шешім қабылдау үшін пайдалануға болмайды және дәрігермен кеңесуді алмастыра алмайды.