Өкпенің қатерлі ісігі туралы түсінікті бірге өзгертейік

Әр 15 секунд сайын біреуге өкпе қатерлі ісігі диагнозы қойылады.1 Бүгінде өкпенің қатерлі ісігі ұғымы 20 жыл бұрынғы осы ауру туралы түсініктен мүлдем өзгеше. Бұрын бір жағдай ретінде қарастырылған нәрсе қазір әртүрлі қосымша топтардан тұратын аурулар тобы болып саналады және олардың барлығы әртүрлі жолдармен танылады.2-5

Біздің ғылыми біліміміздің үздіксіз дамуы енді биомаркерлерге талдау жасап, жеке генетикалық ерекшеліктерді немесе иммундық сигнал беру жолдарын ескере отырып ем алуға болатындығымен көрініс табады. Ғылыми прогресс «өкпенің қатерлі ісігі» диагнозының мәнін өзгертті, енді кейбір адамдар үшін ұзақ өмір сүру ықтималдыққа ғана емес, шындыққа айналды.5,6

Өкпенің қатерлі ісігімен күресте айтарлықтай жетістіктерге жеткенімізге қарамастан, прогресс қатерлі ісіктің басқа түрлеріне қарағанда баяу жүреді. Өкінішке орай, көптеген адамдар әлі де қолайсыз болжамға тап болады және олар оңтайлы ем қабылдамайды.

  • әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісік түрлерінің бірі1.

  • қатерлі ісіктен болған өлімнің негізгі себебі. Одан сүт безі, қуықасты безі және тоқ ішек қатерлі ісігіне қарағанда жиі өледі1.

  • агрессивті ауру, оны емдеу жолы ең қиын болып табылады1-3.

Өкпенің қатерлі ісігі деген диагноз неғұрлым ерте қойылса, емдеу соғұрлым тиімді болады, демек пациенттердің өмір сүру ұзақтығы артуы мүмкін.3,7

Өкінішке орай, өкпенің қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеудің кешігуіне әкелетін көптеген факторлар бар.8 Өкпенің қатерлі ісігін ерте диагностикалауға кедергі келтіретін негізгі факторларды тізімдейміз:

  • Аурудың алғашқы кезеңдерінде симптомдардың болмауы оны анықтауды қиындатады. Олар пайда болған кезде, олар әдетте спецификалық емес және басқа аурулардың симптомдары ретінде қабылдануы мүмкін.8

  • Скрининг өкпенің қатерлі ісігін ең ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, бұл жоғары қауіп-қатер тобына кіретін пациенттер арасындағы өлімнің төрттен бір бөлігін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тек бірнеше елдерде өкпенің қатерлі ісігін скринингілеу бағдарламалары бар.8-10

  • Диагноз өкпенің қатерлі ісігіне байланысты наным мен қорқыныштың болуына байланысты кеш қойылуы мүмкін; көбінесе адамдар тиісті симптомдары болса да, темекі шегу себебінен медициналық көмекке жүгінбеуі мүмкін.8

  • Әр түрлі елдердің денсаулық сақтау жүйелеріндегі айырмашылықтар кейбір адамдардың өкпенің қатерлі ісігіне ерте араласуды қолдайтын инновациялық қызметтерге қолжетімділігі шектеулі екенін немесе скрининг, тестілеу және емдеу сияқты қызметтерге мүлдем қол жеткізе алмайтындығын білдіреді.8

Өкпенің қатерлі ісігі бар әрбір адам үшін емдеудің ең жақсы әдісін таңдау керек. Кейбір пациенттер үшін өзгеше мутациялар мен иммундық сигнал беру жолдарының ашылуы оларды емдеу барысын өзгертті.3,5 Бірақ көптеген пациенттер әлі де жаңа терапия әдістерін қажет етеді. Біз дәрілік препараттардың жаңа ықтимал мақсаттарын табу үшін өкпенің қатерлі ісігінің механизмдерін зерттеуді жалғастыруымыз керек.

Өкпенің қатерлі ісігін диагностикалау кезінде биомаркерлерді кешенді талдау аурудың қосымша тобын анықтауда шешуші рөл атқарады. Диагностиканың жаңа әдістерінің арқасында біз әр пациент үшін оңтайлы емдеу әдісін мүмкіндігінше тез таңдауға, сондай-ақ терапияға жауапты және қарсылықты анықтауға мүмкіндік беретін дәлірек нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Алда әлі ұзақ жол бар, бірақ соңғы 3-5 жыл ішінде өкпенің қатерлі ісігін диагностикалау және емдеу саласында оптимистік сезім тудыратын жетістіктерге қол жеткізілді. Дербестендірілген медицина дәуірінде біз пациенттер үшін қолжетімді емдеу әдістерін көбірек байқаймыз және биомаркерлер мен қолжетімді мақсатты терапия нұсқаларының көбеюімен қазіргі өмір сүру статистикасын жеңу мүмкіндіктері пайда болып жатыр.

Пациенттердің алдында тұрған ең маңызды міндеттерді жақсы түсіну, тану және шешу үшін пациенттер мен медицина қызметкерлерінен бастап денсаулық сақтау ұйымдары мен жүйелеріне дейінгі барлық тараптардың ынтымақтастығы мен серіктестігі қажет.

Өкпенің қатерлі ісігі туралы түсінікті өзгерту ерте диагностикалық әдістерді, зертханалық зерттеулерді және инновациялық емдеу әдістерін одан әрі дамытуға көмектеседі.

M-KZ-00000699

сілтемелер:

  1. Всемирная организация здравоохранения. Globocan 2020, общемировая статистика [Интернет; по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  2. Cancer.net. Информация о мелкоклеточном раке легкого [Интернет, по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  3. Cancer.net. Информация о немелкоклеточном раке легкого [Интернет, по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  4. ASCO. Cancer Progress Timeline [Интернет; по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  5. Jones G, et al. Recent advances in the management of lung cancer. Clin Med. 2018;1(18): s41–s46.

  6. Национальный онкологический институт США. Biomarker Testing for Cancer Treatment [Интернет; по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  7. EpiCast. EpiCast report: NSCLC epidemiology forecast to 2022 [Интернет; по состоянию на июнь 2022 г.] Доступно по адресу:

  8. Cassim S, et al. Patient and carer perceived barriers to early presentation and diagnosis of lung cancer: a systematic review. BMC Cancer. 2019;19(1):25.

  9. The National Lung Screening Trial Research Team. Reduced lung-cancer mortality with low-dose computed tomographic screening. N Engl J Med. 2011.4;365(5):395-409.

  10. de Koning HJ, et al. Reduced Lung-Cancer Mortality with Volume CT Screening in a Randomized Trial. N Engl J Med. 2020;382:503-513.

Қосымша

Барлығын көру

Бұл интернет-сайт Қазақстан Республикасының кең ауқымды пайдаланушыларына арналған ақпаратты қамтиды және қол жетімді емес немесе ресми түрде мақұлданбаған немесе сіздің еліңізде Roche дәрілік заттары мен медициналық құрылғыларын тіркеу немесе пайдалану тұрғысынан ерекшеленетін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл веб-сайттағы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын қамтымайды. Бұл веб-сайттағы ақпаратты өзін-өзі диагностикалау немесе Roche препараттарын қолдану туралы тәуелсіз шешім қабылдау үшін пайдалануға болмайды және дәрігермен кеңесуді алмастыра алмайды.

Байланыс деректеріӘлемдеlinkedinfacebooktwitterinstagramyoutubeРош туралыФармацевтикалық шешімдерДиагностикалық шешімдерМансапЖағымсыз құбылыс немесе өнім сапасына қатысты шағымдар туралы хабарлауЖеке мәліметтерЗаңды келісім