Неліктен мутацияны тестілеу өкпенің қатерлі ісігін емдеуде соншалықты маңызды?

Біз «өкпе қатерлі ісігі» терминін жекеше түрде қолданғанымызбен, бұл шын мәнінде екі үлкен топтан тұратын көптік ауру: майда жасушалы емес өкпе қатерлі ісігі (МЖЕӨҚІ) және майда жасушалы өкпе қатерлі ісігі (МЖӨҚІ)1. Бұл топтардың әрқайсысы әртүрлі ісік сипаттамалары бар қосымша топтарға бөлінеді.

Өкпе қатерлі ісігінің түрлері химиотерапия, мақсатты терапия немесе иммунотерапия сияқты әртүрлі емдеу әдістеріне жауап береді. Сондықтан дәл және егжей-тегжейлі диагностика дәрігердің емдеу жоспарын әр пациенттің қажеттіліктеріне бейімдеп, ең тиімді терапияны таңдауы үшін өте маңызды2.

МЖЕӨҚІ бар адамдардың көпшілігінде ісіктің дамуы генетикалық мутациялармен байланысты, оларды кешенді геномды профильдеу әдісімен (КГП) анықтауға болады. Кейбір өкпенің қатерлі ісіктерінің таргетті генетикалық мутациялары болмайтынын ескеру маңызды. Бірақ олардың болуы немесе болмауы нақты қосымша топты анықтау үшін құнды аналитикалық ақпарат береді2,3.

Тестілеу нәтижелері қалай қолданылады?

Оңтайлы терапияны таңдау үшін ісікте генетикалық мутациялардың бар-жоғын анықтау қажет. Мұндай ісіктер әртүрлі әдістермен емдеуге сезімтал4-6:

  • Мақсатты терапия: препараттар ісік жасушаларының өсуіне көмектесетін молекулаларға бағыттала отырып жұмыс істейді.

  • Иммунотерапия: препараттар дененің иммундық жүйесіне ісікпен күресуге көмектеседі.

Мақсатты препараттар мен иммунотерапия пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттырады, сонымен бірге тұрмыс сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Тіпті теріс нәтиже - ісікте мутацияның болмауы - емдеу туралы жеке шешім қабылдауға көмектеседі, өйткені бұл жағдайда пациентке басқа терапия әдістері қолжетімді2.

Жолдың әр кезеңінде пациенттерді емдеу сапасын жақсарту үшін біз Roche компаниясында пациенттер қауымдастығы мен денсаулық сақтау мамандарынан бастап әртүрлі елдердегі денсаулық сақтау жүйелеріне дейін әртүрлі серіктестермен тығыз жұмыс істейміз.

Біз бірге өкпенің қатерлі ісігі туралы түсінікті өзгерте аламыз.

M-KZ-00000699

сілтемелер:

  1. Cancer.net. Information about Non-Small Cell Lung Cancer. Доступно по ссылке: 

  2. Pakkala S. and Ramalingam S.S. Personalized therapy for lung cancer: striking a moving target. JCI insight. 2018;3(15).

  3. National Cancer Institute. Biomarker Testing for Cancer Treatment. Доступно по ссылке: 

  4. National Cancer Institute. Dictionary of Cancer Terms. Definition of Biomarker. Доступно по ссылке: 

  5. National Cancer Institute. Dictionary of Cancer Terms. Definition of Immunotherapy. Доступно по ссылке: 

  6. National Cancer Institute. Dictionary of Cancer Terms. Definition of Targeted Therapy. Доступно по ссылке: 

Қосымша

Барлығын көру

Бұл интернет-сайт Қазақстан Республикасының кең ауқымды пайдаланушыларына арналған ақпаратты қамтиды және қол жетімді емес немесе ресми түрде мақұлданбаған немесе сіздің еліңізде Roche дәрілік заттары мен медициналық құрылғыларын тіркеу немесе пайдалану тұрғысынан ерекшеленетін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл веб-сайттағы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын қамтымайды. Бұл веб-сайттағы ақпаратты өзін-өзі диагностикалау немесе Roche препараттарын қолдану туралы тәуелсіз шешім қабылдау үшін пайдалануға болмайды және дәрігермен кеңесуді алмастыра алмайды.

Байланыс деректеріӘлемдеlinkedinfacebooktwitterinstagramyoutubeРош туралыФармацевтикалық шешімдерДиагностикалық шешімдерМансапЖағымсыз құбылыс немесе өнім сапасына қатысты шағымдар туралы хабарлауЖеке мәліметтерЗаңды келісім