Шашыраңқы склероз туралы фактілерді ашып сипаттау

ШС - бұл орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) аутоиммунды ауруы, онда ми мен жұлындағы, көз тамырларындағы жүйке жасушаларының миелин қабығы зақымданады.
Шашыраңқы склероз туралы фактілер

ШС - жас адамдардың мүгедектігінің жетекші себептерінің бірі.1 Ауру 20 мен 40 жас аралығындағы адамдарда пайда болып, кейбіреулеріне балалық шағында диагноз қойылады.2

Шашыраңқы склероз аурудың жалпы ағымына, аурудың белсенділігіне және уақыт өте келе мүгедектік белгілерінің тұрақты артуына байланысты жіктеледі. Қайталанатын шашыраңқы склероз (ҚШС), екінші қайтара үдемелі шашыраңқы склероз (ЕҮШС) (аурудың бұл түрі ҚШС-тан кейін жүреді) және бірінші үдемелі шашыраңқы склероз (БҮШС) болады (аурудың бұл түрінде мүгедектік белгілері аурудың бірінші күнінен бастап артады).3

ҚШС - ең көп таралған түрі, ал БҮШС мүгедектіктің ең жылдам дамуымен сипатталады. Әйелдер ҚШС-бен еркектерге қарағанда екі есе жиі ауырады, ал БҮШС-бен әйелдер мен еркектер бірдей ауырады.4

ШС симптомдары мен көріністері

Шашыраңқы склероздың симптомдары әр адамда әр түрлі болады және бұл аурумен екі адам түрліше ауырады. ШС негізіндегі биология барлығына бірдей.

Ең жиі кездесетін симптомдарға мыналар жатады:

  • көру мүмкіндігінің нашарлауы

  • аяқтың әлсіздігі және жүрістің бұзылуы

  • қолдың әлсіздігі

  • астения, депрессия

  • сезімталдықтың бұзылуы

  • жамбас мүшелері функциясының бұзылуы

ШС қандай формасы анықталғанына қарамастан, ауру өмір сүру деңгейі мен сапасын төмендетіп, өршиді. Алайда аурудың ағымын дұрыс таңдалған терапияның көмегімен басқаруға болады, оны мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Терапияны ерте тағайындау ШС өршуінің алдын алуға, олардың жиілігін төмендетуге, жағдайды тұрақтандыруға және мүгедектік белгілерінің артуын бәсеңдетуге көмектеседі.

ШС-бен ауыратын көптеген пациенттер қиындықтар мен басқалардың түсінбеушіліктеріне тап болады, диагноз олардың өмірін түбегейлі өзгертеді. Олардың көпшілігі өз жағдайларын ескере отырып, жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр, өйткені тиісті заманауи ем болмаған жағдайда, ШС-бен ауыратын әрбір екінші пациент 10 жыл ішінде жұмыс қабілеттілігін жоғалтады.5

M-KZ-00000699

сілтемелер

  1. Murray TJ. (2006). Diagnosis and treatment of multiple sclerosis. BMJ, 322 (7540):525-527

  2. MS International Federation. What is MS? Available at 

  3. Клинические рекомендации Рассеянный склероз. Проект, 2019.

  4. Multiple Sclerosis International Federation. (2013). Atlas of MS 2013. Available at: 

  5. Thompson AJ, Baneke P. Multiple Sclerosis International Federation (MSIF)Accessed May, 2022.

Қосымша

Барлығын көру

Бұл интернет-сайт Қазақстан Республикасының кең ауқымды пайдаланушыларына арналған ақпаратты қамтиды және қол жетімді емес немесе ресми түрде мақұлданбаған немесе сіздің еліңізде Roche дәрілік заттары мен медициналық құрылғыларын тіркеу немесе пайдалану тұрғысынан ерекшеленетін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл веб-сайттағы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын қамтымайды. Бұл веб-сайттағы ақпаратты өзін-өзі диагностикалау немесе Roche препараттарын қолдану туралы тәуелсіз шешім қабылдау үшін пайдалануға болмайды және дәрігермен кеңесуді алмастыра алмайды.

Байланыс деректеріӘлемдеlinkedinfacebooktwitterinstagramyoutubeРош туралыФармацевтикалық шешімдерДиагностикалық шешімдерМансапЖағымсыз құбылыс немесе өнім сапасына қатысты шағымдар туралы хабарлауЖеке мәліметтерЗаңды келісім